11.01.2022, 14:40
Оқылды: 47

Батыс Қазақстанда соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 74 пайызға өсті

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 74 пайызға өсті.

32

Бұл туралы БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 28 желтоқсан – 3 қаңтар аралығында облыста 43 науқас тіркелсе, 4-10 қаңтарда 168-ге жетті.

«Індет табылғандардың 74 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бәйтерек, Бөрлі аудандары тұрғындары арасында коронавирус көбірек анықталып отыр. Облыс қазір «сары» аймақта тұр. Егер аурушаңдық деңгейі өсетін болса, еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес шектеу шараларын күшейтуге тура келеді», деді М.Арыспаев.

Департамент басшысы өңірде вакцина қоры жеткілікті екендігін, індеттен құтылудың жалғыз жолы тұрғындардың уақтылы екпе алып, санитарлық талаптарды бұлжытпай сақтауы керектігін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале