12.01.2022, 10:59
Оқылды: 51

Елімізге тыныштық керек

-«Ынтымақ, бірлік, келісім ең асыл қасиет ел үшін» дейді халық даналығы. Елімізде болып жатқан жағдай халықты қатты алаңдатады. Қазіргідей күрделі уақытта парасаттылық, саналылық керек екенін түсініп отырмыз.

IMG-20220112-WA0001

Мен, қарапайым зейнеткер-ұстаз, қоғамдық медиатор, анамын.

Балаларымның амандығы, елімнің болашағы, тыныштығын ғана ойлаймын. Бауыржан Момышұлы: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» - деген еді. Тәртіп бұзылмас үшін қоғамда тыныштық болу керек. Аспанымыз ашық, ынтымағы, бірлігі мықты ел боп қалуымыз үшін естілердің сөзін тыңдап, арандатудан сақ болайық дегім келеді.

Рая Қайратқызы, 

қоғамдық медиатор

Жаңақала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале