Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында ең әуелі антитеррорлық қызметті күшейтіп, елдің тынышытығын қамтамасыз етуді, елдегі бүлікке қатысы бар қорғаныс саласындағы қызметкерлерді тауып, қатаң жазалауды тапсырды. Сондай-ақ құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысын көтеру, халықтың табысын экономикаға қарай өсіру мәселелеріне тоқталды.
Утилизация жүйесін қайта қарау қажеттігін баса айтып, тағы да басқа маңызды тапсырмалар жүктеді. “Ең алдымен, еліміздің жаңа экономикалық тұғырын қалыптастыруды мықтап қолға алу қажет. Экономикалық саясатымыздың мақсаты айқын. Бұл – заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық экономика құру және дамыту. Бұл жүйенің өзегінде қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіне білетін кәсіпкерлеріміздің ауқымды тобы тұратыны анық. Яғни бұл – өзінің және балаларының тағдырын Қазақстанмен ғана байланыстыратын кәсіпкерлер. Дәл осындай кәсіпкерлер ел болашағы үшін өзіне жауапкершілік алуға дайын. Сол себепті, кәсіпкерлікті дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару өте маңызды. Мен бизнеске түскен бюрократиялық салмақты айтарлықтай азайтып, оның өсіп-өркендеуіне жол ашатын заңға қол қойдым. Үкімет осы заңның әлеуетін нақты іс жүзінде пайдалануы қажет”, – деді Президентіміз Қ.Тоқаев.
“Атамекен” ҰКП-ден бөлінетін гранттың көлемі 400 АЕК-ке, яғни 1 166 800 теңгеге өсетінін де айтты.
Мен кәсіпкер ретінде, БҚО “Іскер әйелдер кеңесінің” белсенді мүшесі ретінде еліміздің экономикасының маңызды бөлшегі – кәсіпкерлікке бағытталған басымдықтарды қолдаймын және барша кәсіпкерді еліміздің ертеңі үшін талмай еңбектенуге шақырамын.
Нұргүл Ашықова,
қалалық мәслихаттың депутаты,
«Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы экономика және кәсіпкерлікті қолдау кеңесінің төрайымы