Коронавирус бірте-бірте эндемиялық инфекцияға (белгілі бір аймаққа тән - авт.еск.) айналып жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) шұғыл аурулар бөлімінің техникалық тобы жетекшісі Мария ван Керкхове айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның YouTube-арнасына сілтеме жасап.
Ұйым сарапшысы пандемияны болжау қиындап бара жатқанын айтты. Өйткені вирус мутацияға ұшырап, өзгеріп жатыр.
"Вирус эндемия сипатына айналып жатыр. Бұл анық. Дегенмен қазір пандемия белең алып тұр: сырқаттанушылық көрсеткіші өсіп барады, оған қоса елдердің денсаулық сақтау жүйесіне де ауыртпалық түседі. Ол кезеңге әлі жеткен жоқпыз", - деді сарапшы.
"Тұмау және басқа да маусымдық инфекциялар сияқты болжам жоқ. Мүмкін оны жасармыз, бірақ қазір емес", - деп түсіндірді жұқпалы аурулар маманы.