Шыңғырлау ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова аудан орталығындағы азық-түлік пен шаруашылық заттарын сататын ірі сауда орталықтарының басшыларымен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының және басқа да халыққа қажет тауарлардың бағаларын тұрақтандыру. Кәсіп иелерінің бірқатар ұсыныс-сұрақтарына жауап берді.
Жиында аудан әкімі жеке кәсіпкерлерге 19 атаулы азық-түліктің бағасын өсірмеуді және санитарлық талаптарды қатаң сақтап жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, өңір басшысы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөліміне азық-түлік бағасын үнемі бақылап, мониторинг жүргізуді тапсырды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz