Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Қалибеков Арман Талғатұлы тағайындалды.
Қалибеков Арман Талғатұлы 1974 жылы туған. Білімі – жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– Тасқала ауданының "Каменка отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы" МКҚК директоры;
– Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталығының дәрігер-рентгенологі;
– Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталығының директоры;
– ШЖҚ "Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы" МКК директоры;
– Орал қаласының ШЖҚ "№4 қалалық емханасы" МКК директоры;
– Орал қаласының ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухана" МКК директоры болып жұмыс жасады.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.