13.01.2022, 20:05
Оқылды: 225

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы тағайындалды

Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидасына сәйкес Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының лауазымына Қалибеков Арман Талғатұлы тағайындалды. 

8128F3C3-72B0-48A2-9BBA-373DE7FE0560

Қалибеков Арман Талғатұлы 1974 жылы туған. Білімі жоғары. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «педиатрия» мамандығы бойынша тәмамдаған.

 Әр жылдары:

 Тасқала ауданының "Каменка отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы" МКҚК директоры;

Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталығының дәрігер-рентгенологі;

Батыс Қазақстан облыстық диагностикалық орталығының директоры;

ШЖҚ "Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы" МКК директоры;

– Орал қаласының ШЖҚ "№4 қалалық емханасы" МКК директоры;

Орал қаласының ШЖҚ "Көпбейінді қалалық аурухана" МКК директоры болып жұмыс жасады.

 Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының даму және ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале