13.01.2022, 20:35
Оқылды: 24

«Еститін мемлекет» қағидасы іске асатынына сенемін

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 11 қаңтар күнгі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін тағатсыздана күтіп, тыңдадым.

86597056-C55D-4004-B279-9FC8754915C2

Шынын айту керек, Президент өз сөзінде көпшіліктің көкейінде жүрген, қарапайым тұрғындар  көтеріп келе жатқан  көкейкесті мәселелерді дөп басып, жан-жақты  тоқталды.

Өзім «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде қызмет атқарғандықтан, қарапайым ел тұрғыны ретінде де «Еститін мемлекет» қағидасының шынымен жұмыс істегенін қалаймын. Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлының мемлекеттік қызметте отырған кейбір шенеуніктерге қатысты айтқан сөзі көңілімнен шықты.

Мәселен әлі күнге халықпен диалог құра алмайтын, жылдар бойы басшылық орында отырса да ешқандай өзгерістер орнатпаған, тек қана цифрмен жұмыс істеп, шындығында не болып жатқанына бас ауыртпайтын, бюрократияға жол беріп отырған  шенеуніктер барын айтты. Бұл, өкінішке орай, бүгінгі күннің шындығы. Біздің «Еститін мемлекет» қағидасының күні кешеге дейін «естімей» отырғаны да Президент айтқан осындай қызметкерлердің «арқасында» деп ойлаймын.

Ел болған соң түрлі мәселелер, әрқилы пікірлер мен ұсыныстар болады. Әр ауылдың, әр көшенің мәселесі жергілікті жерлердегі атқарушы органдармен, азаматтық қоғам өкілдерімен, сол жердің тұрғындарымен, мердігерлермен бірге талқыланса, ашық айтылса, «Еститін мемлекет» қағидасы іске асар еді. Әр азаматқа барлық деңгейдегі әкімдердің, құқық қорғау органдарының жалпы әр мемлекеттік мекеменің есігі ашық болса, лауазымы «жоғары-төмен» демей, пікірлер ашық айтылып, сол қоғамдық пікірден нәтиже шықса, «Еститін мемлекет» дегеніміз осы.

Мәжіліс отырысында Президенттің де айтқан мәселелері – сол қоғамдық пікірдің жемісі.

Гаухар Шайхиниязва,

«Nur Otan» партиясы БҚО филиалы қоғамдық  қабылдау  бөлімінің  меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале