14.01.2022, 12:40
Оқылды: 45

Заманауи мұғалімдерді даярлау – қасиетті міндетіміз

– Еліміз өз тарихында аса күрделі жағдайды бастан кешірді. «Қасіретті қаңтар» деп аталған бұл кезең елімізді тығырыққа тірегенмен, біртұтастығымыздың, Президентіміздің сын сағатта дұрыс шешім қабылдай білгенінің арқасында аман шықтық. Бұл – тәуелсіздігіміздің айқын көрінісі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұл оқиғаға тарихи баға бере отырып, ел алдында мәлімдеме жасады. Ел ертеңіне алаңдайтын мұғалім ретінде Мемлекет басшысының сөзін үлкен толқыныспен қабылдағанымыз рас.

14

Ел Президентінің мәлімдемесі мұғалімдер ұжымына да серпіліс әкелді деп ойлаймын. Ұлт ұстазы А. Байтұрсыновтың «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген сөзін мысалға келтірген Қасым-Жомарт Кемелұлы мұғалімдер тапшы өңірлер үшін мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар халық тығыз орналасқан өңірлердің жастары үшін атаулы гранттарды бөлуге назар аударудың қажеттілігі туралы айтты.
Жер асты байлығының көзі болып табылатын Батыс өңірі үшін инженерлер мен өнеркәсіп иелерін дайындау қажет-ақ. Бүгінгі таңда «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары жастарға зор мүмкіндіктер беріп отыр. Осы орайда Президент бұл жобалардың іске асу мерзімін ұзартуды және еңбекақы мөлшерін ұлғайтуды тапсырды.
Бір қуанарлығы соңғы кезде елімізде алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашыла бастады. Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда нәтижеге жеткізетін бұл қадам Қазақстан жастары үшін аса маңызды. Аймақ үшін үлкен жаңалық болған қуанышты ақпарат – 2025 жылға дейін елімізде беделді шетелдік университеттердің кем дегенде 5 филиалын ашуды жоспарлау, соның ішінде екі техникалық филиалдың Батыс өңіріне бағытталуы.
... Қоғам дамуының басты факторы болып табылатын сапалы білімге қолжетімділік – басты назарда. Сондықтан заманауи мұғалімдерді даярлау – қасиетті міндетіміз. Мұғалімдер қауымы қашан да халықпен бірге.

Софья Ізмұханбетова,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

«БҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институтының» директоры,

педагогика ғылымдарының кандидаты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале