18.01.2022, 18:00
Оқылды: 43

Көлік саласының және жанар-жағармай нарығының жайы талқыланды

Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен кәсіпкерлік саласының өкілдері көлік саласының және жанар-жағармай нарығының өзекті мәселелерін талқылады. Басқосуға жолаушылар тасымалы саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар бірлестіктерінің, көлік компанияларының, жанар-жағармай құю стансаларының өңірлік және бөлшек сауда желілерінің өкілдері қатысты.

C9982D49-55B4-45F4-BD84-1762E6B29D10

Басқосуда жолаушыларды тасымалдауды субсидиялау, электронды билет сату, заңсыз такси жүргізушілерді ауыздықтау, жүк көліктерін тексеру үшін кедендік бекеттерді мобильді сканерлермен жабдықтау қажеттілігі айтылды.  Сондай-ақ жолдардың сапасыздығы, жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауы, міне, осының барлығы  қызметтер құнының өсуіне және кадрлар тапшылығына әкеп тірейді.

7A2A79A0-7AA7-4B57-BE23-B884A663AB99

Ресейдің бес облысымен шектесетін, транзиттік аймақ саналатын біздің облыста  көлік инфрақұрылымын дамытудың өзекті мәселе екені белгілі. Алайда жиында мәлім болғандай, кемпингтер салу жер телімдерінің шамадан тыс қымбаттауына байланысты «тұсаулы» күйге түскен. Мысалға, Бәйтерек ауданындағы 1 гектар жер телімі аукционда 1,2 млрд. теңгеге ұсынылған.

–Өңірлік жанар-жағармай құю желілері шалғайдағы аудан орталықтарына жанар-жағармай жеткізуде көп шығынға ұшырайды. Климаты күрт құбылмалы өңірде қақаған қыста, көктемгі-күзгі лайсаңдарда көліктердің шығынынан бөлек құрал-жабдықтарды пайдалануда  қиындықтар жеткілікті. Осының барлығы өнімдердің жанар-жағармай мен газдың өзіндік құнын қымбаттатады. Бұл бөлшек саудада айқын көрінеді. Алайда бірде-бір республикалық желі облыстағы коммуналдық кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелерді жанар-жағармаймен қамтамасыз ете алмайды. Коронавирус пандемиясы және 2021 жылдың отын тапшылығы, сондай-ақ еліміздегі соңғы кездегі қайғылы оқиғаларға байланысты төтенше жағдай кездерінде тек жергілікті жанар-жағармай, газ желілері ғана жеке, заңды тұлғаларды келісімшартсыз, ақысыз қажетті отынмен қамтамасыз ететіні айқын көрінді, – деген «Neftek Holding» ЖШС-ның директоры Асылбек Нупов отынды ешбір делдалсыз, «ҚазМұнайГаз» компаниясымен тікелей келісімшарт жасап алуды ұсынды.

10EE7799-635F-4FFF-9556-4D6C7C5E18A1

Кәсіпкерлер саланы реттейтін заңнамадағы өзгерістерге байланысты Энергетика министрлігіне бағытталған бірқатар сауалды қойды. Оның ішінде жергілікті «Конденсат» зауытының шикізатпен қамтамасыз етілмейтіні, сұйытылған газ нарығының «көлеңкеге» кету себептері секілді мәселелер көтерілді.

5C99F6F6-A0A1-45E7-B53B-5C5FE44AC387

Көлік саласының, жанар-жағармай нарығының басқа да көптеген мәселесі айтылып, облыс басшылығының назарына алынды.   

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале