Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындыы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 19 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,42 теңгеге төмендеп, 1 доллар 434, 06 теңге болды.
Ұлттық банктің 20 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 434, 48 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 436, 74 теңге, сатып алу – 437, 51 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 436,43 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 437, 50 теңге.