22.01.2022, 15:10
Оқылды: 58

Су сорғы станциясы іске қосылды

"Су - тіршілік көзі" демекші, ауданымызда халықты таза ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды орындалуда. Бүгін, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылында таза ауыз су сорғы станциясының қайта құру жұмыстары сəтті аяқталып, іске қосылды.

IMG-20220122-WA0057

Былтыр басталған жұмыстарды "ПМК-177" ЖШС ұтып алса, жаңа технологиялық "AKVA" су тазартатын қондырғысын ақтөбелік "Акватория" ЖШС іске қосып отыр.

IMG-20220122-WA0054

Бұл қондырғы бірінші кезекте 5385 тұрғыны бар Жалпақтал жəне 1135 тұрғын тұратын Қараөзен ауылдарын таза ауыз сумен қамтып отыр. Қондырғы тұрғындарға тəулігіне 720 метр.куб су жеткізу мүмкіншілігі бар. Бұл жерде бұрынғы су сорғы станциясы тəулігіне аз ғана сағаттарға су берумен ғана шектелген.

IMG-20220122-WA0055

Нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудан əкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, аудандық мəслихат депутаттары, округ əкімдері, мердігер мекеме өкілдері, аудандық коммуналдық кəсіпорнының басшысы, қызметкерлері, еңбек ардагерлері қатысты.

IMG-20220122-WA0053

"Акватория" ЖШС инженері Алексей Труднев нысанның ашылуына қатысқан барлы азаматтарға қондырғы жұмысымен таныстырды. Оның айтуынша, су сорғы станциясының операторларын су сорғы станциясындағы қондырғы жұмыстарын толықтай үйретіп, əдейі сынақ та алған. Болашақта бұл нысанда коммуналдық кəсіпорынның 1 мастер, 3 оператор қызмет жасап, ауыл тұрғындарын сумен қамтитын болады. Мердігер мекеме өкілі болашақта ауыз суды үнемдеу туралы ескертті.

Алтынбек Имашев, аудандық коммуналдық кəсіпорнының операторы:

- Бұл қондырғы түгелдей автоматтандырланған. Ендігі кезекте қос ауылды 24 сағат таза сумен қамтимыз. Қыста су шығыны аз, ал жазда екі есеге дейін көбейетіні рас. Қондырғы сол кезде де ауылдарды таза суды толық жеткізеді. Қондырғыны іске қосқан мекеме 2 жыл кепілдік беріп отыр.

Өзеннен келетін суды тазартып, ауылды таза ауыз сумен қамтитын қондырғыға ауыл тұрғындары дəн риза.

Рауан Есенғалиев, аудандық мәслихат депутаты:

- "Елде болса, ерінге тиеді" дегендей, ауылымызға таза су қондырғысы іске қосылды. Бұл қуанарлық жағдай. Осы мəселенің оңды шешім табуына жұмыстанған басшыларға, мердігер мекеме қызметкерлеріне алғыс білдіреміз! Енді осы қондырғы елді ауыз сумен толық қамтиды деп сенеміз. Ол үшін су сорғы станциясының жұмысына жауапкершіліпен қараған дұрыс. "Судың да сұрауы бар" дейді дана халқымыз. Барша ауылдастарды суды мейілінше үнемдеп, мақсатты пайдалануға шақырамын!

Расыменде, ауыз суды үнемді пайдаланбасақ, түбі жақсы болмайтыны белгілі.

 

Қайрат Жақып

Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале