Сырым ауданы Өлеңті ауылының тумасы, жерлесіміз, балалық шағын Жамбыл елді мекенінде өткізген Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов Жамбыл негізгі орта мектебінің волейбол үйірмесіне қатысатын оқушыларға бірыңғай спорттық киім алып берді. Спорттық киімді мектеп директоры Жанат Брекеев оқушыларға табыс етті.
– Жамбыл негізгі мектебінің волейболшыларының жетістіктері туралы естіп-біліп жүрмін. Жамбыл ауылы – менің балалық шағым өткен жер. Оқушы кезімде демалысты сонда өткізетінмін. Бала күнімде де жамбылдықтар волейболдан ауданда алда болатын. Кәсіпкер емеспіз. Десек те, жас спортшылардың жеңісіне сәл үлесім тиіп жатса, қуаныштымын,- дейді Армат Амангелдіұлы телефон арқылы хабарласқанымызда.
Жамбыл негізгі мектебінің волейбол үйірмесінің жетекшісі Қайрат Бақтығазиев пен шәкірттері жаңа спорттық киім үшін жерлес азаматқа алғыстарын білдіріп, жаттығуға жаңаша екпінмен кірісуде.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz