24.01.2022, 17:50
Оқылды: 58

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12

«Жарылғыш материалдар мен оқ-дәрілер тауып алған жағдайда оларға тиіспеу керек және тасымалдауға болмайды. Мұндай жағдайда азаматтардан жазатайым оқиғалар мен жарақаттанудың алдын алу үшін полицияға «102» немесе «112» телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз», - деді ІІМ ресми өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, қаңтар айындағы оқиғалар кезінде қылмыскерлер қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлап әкеткен.

«Олар заңсыз мақсаттарға пайдаланылып, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын атап өту қажет.

Естеріңізге сала кетейін, заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың әрекеттерінде өзге қылмыстар болмаса, жауапкершіліктен босатылады.

Осыған байланысты ІІМ азаматтарды заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды өз еркімен тапсыруға шақырады», - деді Нұрділдә Ораз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале