Оның айтуынша, дефолтқа ұшырағандар қарызын өтеуді 90 күнге шегергендер. Сондай-ақ кредит алғандардың 19,7%-ның да жағдайы мәз емес, олар анықталмаған аймақта. Азаматтардың бұл санаты әртүрлі өзгерістерге сезімтал, бұл олардың несиелік тәртібіне әсер етуі мүмкін.
2021 жылы қаржылық сауаттылық индексі 0,6 сатыға өсіп, 5,13%-ға жеткен. Ел азаматтары өздерінің кредиттік тарихына көп мән беретін болған. Сарапшылардың айтуынша, қажетсіз несиелерден құтылу үшін, оның алдын алу шараларына жүгінетін қазақстандықтар көбейген, – дейді Омаров.
Кредиттік алаяқтармен күресу үшін Мәжіліс депутаттарының бастамасымен 2022 жылы Бірінші кредиттік бюро ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен «Стоп-кредит» сервисін іске қосқан. Бұл қызмет жеке тұлғалардың несие тарихына қол жеткізуді шектеуге мүмкіндік береді.
BAQ.KZ