27.01.2022, 10:10
Оқылды: 36

Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда 30%-ға артты

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

a5000c319da84703a192df3a1792e3b3

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Үкімет басшылары коронавирустың таралуына қарсы күрес және пандемияның екі елдің экономикалары үшін салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударды.

2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты сауда 30%-ға артып, 2019 жылға дейінгі пандемиямен салыстырғанда $21,8 млрд-қа жетті, ал сауда көлемі 21%-ға өсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале