27.01.2022, 12:30
Оқылды: 47

Мемлекет жалға алынған баспана құнының 50% өтеп береді - министрлік шарттарын әзірледі

Қазақстандықтар жалға алатын баспана құнының тең жартысы мемлекеттен өтелетін болады. Бұл турлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

16000FF3-6113-4EEE-A977-2C1E4F7CFB46

Министрлік тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем беру тетігін әзірледі. Атаулы тұрғын үй көмегі жалға алу құнының «50% мемлекет, қалған 50% жалға алушы төлейді» қағидатына негізделеді. Мұндай төлемдер жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтарға беріледі және олардың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселенген көлемінен аспауы керек.

«Бүгінгі таңда елімізде мұндай 70 мың жан бар. Олар: көпбалалы отбасылар, 1 және 2-топтағы мүгедектер, мүгедек балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Осы санаттағы азаматтарға жалға берілетін тұрғын үй құнының жартысын тағайындау көзделеді. Оператор ретінде «Отбасы банкін» анықтау ұсынылды», - делінген министрлік ақпаратында.

Өтініш берушілер үшін мынандай негізгі талаптар қойылады:

1) Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

2) отбасының (азаматтың) әрбір мүшесіне шаққандағы соңғы 6 (алты) айдағы жиынтық табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген шамасынан аспауы;

3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес баспанаға мұқтаж ретінде есепке қойылып, тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін алуы;

4) тұрғын үйдің меншік иесі мен жалға алушы арасында жасалған, сондай-ақ құқықтық кадастрда тіркелген шарттың болуы.

Еске салайық, баспанаға аса мұқтаж азаматтарға қайталама нарықта баспананы жалға алғаны үшін төлем тағайындау тапсырмасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берген болатын. 25 қаңтарда ҚР Үкіметі оның тетіктерін әзірлеуді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктеп, Қаулы қабылдады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале