Батыс Қазақстан облысында жол апатынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 қаңтар күні Самара-Шымкент жолында Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында болды.
Шамамен сағат 08.50-де «Венойл» жанар-жағар май стансасы тұсында «Фольксваген Шаран» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетінде тұрған «Мерседес» жүк көлігімен соқтығысуға жол берген.
Соның салдарынан 1987 және 1988 жылғы екі әйел, сондай-ақ 1976 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады.