28.01.2022, 12:20
Оқылды: 67

Ардагерге көмек көрсетті

"Ардагерлерді ардақтайық" акциясы  жалғасуда. Жуырда "Орал" шекара бөлімшесінің жас қызметкерлері Дариян ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Татьяна Ивановна Макиевскаяға көмек көрсетті.

IMG-20220128-WA0027

Өңірде қалған санаулы ҰОС ардагерлері мен тыл ардагерлеріне, егде тартып, жасы келген ақсақалдар мен кейуаналарға жәрдемдесу мақсатында қолға алынған игі бастамада "Орал" шекара бөлімшесінің барлаушылары белсенділік танытты.

Шекара бөлімшесінің барлаушы ефрейторы Райымбек Рахматуллинмен барлаушы, қатардағы жауынгер Иван Кутищев Т. И. Макиевскаяның ауласын  басып қалған қардан тазартты.

Жақсылыққа жаны құмар жандар бұны өз міндеттері санайды. Сонымен қатар, қандай жағдай болмасын үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге әзір екендерін айтады.

-Бұл бір ауыз толтырып айтарлықтай жұмыс емес. Жанымызда жүрген жандарға жәрдемдесу біздің міндетіміз. Кең болсаң, кем болмайсың деген,- дейді "Орал" шекара бөлімшесінің жас қызметкерлері.

Назерке Сыйлыбай,

Бәйтерек ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале