Қаңтар айының 20-23 күндері Орал қаласында Орал спорт клубының ұйымдастыруымен «Жаңа - 2022 жыл» мерекесіне арналған дзюдо күресінен 2006-2007, 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер мен 2010-2012 жылғы кіші жасөспірімдер арасында Орал спорт клубының ашық турнирі өтті.
Бұл жарысқа 150-ден астам палуан қатысып, бақ сынады. Аталмыш жарысқа Тасқала, Теректі, Қазталов, Шыңғырлау аудандары және қалалық жекпе жек спорт мектебі, Орал спорт клубы, Жаңақала ауданы командасы қатысты. Ауданымыздың жас дзюдошылары ептіліктерін көрсетіп, жарыстың жеңімпаз жүлдегерлері атанған болатын. Жаңақала аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо бөлімінің жаттықтырушысы Ернар Ғұбайдуллин бастаған және қырқопалық Әділет Қалиарыстанов, көпжасарлық Мәди Арыстанғалиев дайындайтын палуандар төмендегідей нәтиежеге қол жеткізді.
Жарыстың алғашқы күнінде 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында Нұрмахан Теміреш 38 кг салмақта III орын, 2008-2009 жылғы Мұсағали Иманғали 38 кг салмақта III орын, Айару Нұрланқызы 43 кг салмақта II орын және 29 кг салмақта белдескен Ұлықбек Ізбасар қарсыластарының бәрін таза жеңіп I орынға ие болды. 2010-2011 жылғы кіші жасөспірімдер арасында +55 кг салмақта Аңсат Мұханбетқали III орын және +38 кг салмақта Әсет Махамбет II орынды еншіледі. 27 кг салмақта белдескен бұрымды қыз Нұр Темірболат I орынға ие болса, осы салмақта Сезім Дарханқызы II орын, Фариза Пушкина III орынды жеңіп алды. 23 кг салмақтағы жас палуан Мадияр Қабидолла II орын, ал 26 кг салмақта Мералы Сидеғали III орынға табан тіреді. Осы салмақта Ислам Жәнібек жеңімпаз атанды. Жалпы командалық есепте Жаңақала ауданының жас дзюдошылары III орынға тұрақтап, марапатталды.
Дәурен Жағыпаров,
Жаңақала аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары