29.01.2022, 14:30
Оқылды: 102

Жаңақалалық оқушылар үздіктер қатарында

2021-2022 оқу жылының алғашқы он күндігінде Батыс Қазақстан облыстық «Дарын» қосымша білім беру орталығы, «Дарын» республикалық-ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысы оздырылды.

3CDC0B24-0F88-4D49-8FBC-FA90CF6EB31EКонкурстың негізгі мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру. Онлайн форматта өткен білім додасында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары сыналды.

Конкурстың нәтижесінде ағылшын тілі бөлімі бойынша Жаңақала мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Нұржауар Есенғабыл (жетекшісі Г.Тлекқабылова), тарих және өлкетану, этномәдениет бөлімі бойынша С.Меңдешев атындағы ЖОББ мектебінің 4-сынып оқушысы Айзере Төлепберген (жетекшісі Е.Мұқамбетов), тарих және өлкетану, этномәдениеттану бөлімі бойынша Жаңақала мектеп-гимназиясының 6-сынып оқушысы Алтынбек Алтайұлы (жетекшісі Г.Шуақбаева), химия және биология бөлімі бойынша С.Меңдешев атындағы ЖОББ мектебінің 7-сынып оқушысы Ақбота Батырхан (жетекшісі Ә.Есенғалиева) «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде ғылыми жобаларын қорғап, ІІ орынды олжалап қайтты.

Медицина, психология бөлімі бойынша Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 5-сынып оқушысы Нұрсерік Түсіпқали (жетекшісі Айнұр Кемешова), орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бөлімі бойынша Айдархан ЖОББ мектебінің 4-сынып оқушысы Раяна Серікқали (жетекшісі Э.Базарбаева), орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі бөлімі бойынша Жаңақала мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Темірлан Қанатқали (жетекшісі А.Ибрашева), тарих, өлкетану, этномәдениеттану бөлімі бойынша Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің 4-сынып оқушысы Айзере Сүндет (жетекшісі Г.Шуақбаева) «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде ғылыми жобаларын қорғап, білімділігімен елден озып, ІІІ орынды алды.

Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі бойынша №3 ЖОББ мектебінің 5-сынып оқушысы Кәусар Меңдібай (жетекшісі Р.Жұмағалиева), физика және техника бөлімі бойынша Айдархан ЖОББ мектебінің 7-сынып оқушысы Зере Кеңес (жетекшісі А.Төлеуғалиева), химия және биология бөлімі бойынша Жаңақала мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Фатима Сәлімова (жетекшісі Б.Өтеғалиева), химия және биология бөлімі бойынша Жаңақала мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Гүлім Болат (жетекшісі И.Темірболатова), экология, валеология бөлімі бойынша Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Кәусар Ілиясова (жетекшісі Г.Ілиясова) «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңінде ғылыми жобаларын қорғап, алғыс хат иеленді.

- Жалпы бұл ұйымдастырылып отырған конкурста ғылымның негізгі қағидаларымен терең таныса отырып, көп іс-тәжірибе жинадық. Оқушының тұлға болып қалыптасуы, ой-өрісінің дамуының алғашқы баспалдағы мектеп болса, сол мектептен бастап оқушыларды ғылыми жобалар жазуға баулуға үлкен қолдау көрсетуіміз қажет. Біздің жобамыздың мақсаты смартфонның бала психологиясына тигізер зиянын анықтау болды. Нұрсерік медицина және психология бөлімі бойынша «Смартфонның жасөспірім психологиясына әсері» тақырыбында көптеген мәліметтерді зерттеп, жоба қорғады. Зерттеу жұмыстарында проблемалық видео әдіс, сауалнама, дәрігермен сұхбат жүргізу жұмыстарын жасай отырып, ұялы байланыс, интернеттің зияны туралы ой тастап, оны тек тұрмыстық жағдайларда қолдануды ұсынды. Шығармашылық ізденушілік жолындағы жұмысының нәтижесі басқа балаларға да үлгі болар деген үміттемін, - деді Карманов мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 5-сынып оқушысы Нұрсерік Түсіпқалидің жетекшісі Айнұр Кемешова.

Райхан Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале