31.01.2022, 14:44
Оқылды: 44

Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайды

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны азайды. Өткен тәулікте мұнда 4 науқас анықталса, кен орнындағы стационарда 1 пациент емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

210918085659738a3838018i

Соңғы төрт күнде «қызыл» аймақтағы Атырау облысында COVID-19 инфекциясына шалдыққандар санының азайғаны байқалды. Мәселен, 30 қаңтарда мұнайлы өңірде қауіпті вирустың белгісі 168 адамнан табылған.

«Атырау қаласы әлі коронавирус инфекциясын көп тіркелетін ошақ ретінде қалып отыр. Өткен тәулікте шаһарда 115 науқас тіркелді. Теңіз кен орнында 4 науқас анықталды. Ал, Жылыой ауданында 28, Қызылқоғада – 6, Индерде – 5, Құрманғазыда – 5, Мақатта – 4, Исатай ауданында 1 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны расталды», -деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қазір өз үйінде 6 653 адам емделіп жатыр. Өңірдегі инфекциялық стационарларда 319 пациент хаттамаға сәйкес ем-дом қабылдау үшін оқшауланған. Оның ішінде модульдік ауруханада 167, фтизиопульманологиялық орталықта – 60, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 60, ал, №2 облыстық ауруханада – 31, Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында ашылған инфекциялық стационарда 1 пациент бар.

Өткен тәулікте коронавирустан сауығып шыққандар мен қайтыс болғандар дерегі тіркелмеген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале