1.02.2022, 10:15
Оқылды: 42

Ерболат Досаевтың атынан фейк аккаунттар ашылуда – әкімдік

Әлеуметтік желілерде Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаевтың атынан жалған аккаунттар ашылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

EABECF90-DD7F-4748-BC3C-AF34797E6555

«Алматы қаласы әкімінің атын қолданып, әлеуметтік желілерде аккаунттардың жаппай пайда болуына байланысты, бұл профайлдардың жалған екенін және қала әкімі Ерболат Досаевқа еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған орай тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұраймыз» делінген баспасөз хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Ал Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды.

Ол Алматы әкімі лауазымына 2019 жылы тағайындалған болатын. Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қызметінен босатуға қатысты өз пікірін айтқан еді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале