Ұлттық спорттың iшiнде әу бастан келе жатқаны – қазақ күресi екені әмбеге аян. Кезiнде қазақ күресi арқылы есімі бүкiл әлемге мәшһүр болған Қажымұқан Мұңайтпасов пен Балуан Шолақтың iзбасарларын бүгiн де Теректі ауданынан да көптеп кездестiремiз, шүкір!
Подстепныйлық Нұрсұлтан Болат спорттың осы түрін жастайынан серік еткен жан. Ол қазіргі таңда Теректі ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен жаттықтырушы қызметін атқарып жүр. Шәкірттері де талай жарыстарға қатысып, жеңіс туын желбіретіп, аудан абыройын асқақтатуда.
Бүгін Орал шаһарында БҚО қазақ күресінің ең үздіктері марапатталған салтанатты шарада оның еңбегі еленгенін айта кеткен жөн. Ұлттық құндылықты ұлықтау жолында атқарған жұмысы құрметке лайық деп танылып, ең үздік атанды. Сөйтіп БҚО қазақ күресі ассоциациясының президенті Ә.Сұлтанұлының атынан алғысқа кенелді.
Елырыс Елмұрат,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz