2.02.2022, 12:29
Оқылды: 51

Жұлдызда сұлулық салоны ашылды

Өткен жылы нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының «Бастау Бизнес»" жобасы аясында мемлекеттік грант алып, өз кәсібін бастаған жандар қатары артты. Олар қазіргі таңда кәсіптерін ілгерілетіп, халыққа өз өнімдерін ұсынуда. Алайда, өткен жылы жобаға өтінім беріп, биылғы жылы кәсібін бастап отырған Казталов ауданы тұрғындары да бар. Солардың бірі – Арайлым Жұманиязова.

0F08B3BF-394E-4506-AA6B-4243B12059B2

Арайлым Жұманиязова – Қарасу ауылдық округі Жұлдыз ауылының тұрғыны. 3 баланың анасы. Өзін-өзі жұмыспен қамтушы. Ал жолдасы Казталов мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысшысы. Ол «Бастау Бизнес»жобасы аясында өтінім беріп, жобасы мақұлданды. Жуырда ол кәсібіне арналған ғимаратын ашты. «Айым» сұлулық салонының ашылу салтанатына «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин қатысып, кәсіпкерді игі бастамасымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жеке кәсіпкер Арайлым жергілікті атқарушы билік органдарына алғысын жеткізді.

-Кәсіп бастау әуелден арманым болды. Бірақ қаржының тапшылығы мен тұрмыстық жағдай қолды байлады. Бірақ осы мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін көріп, естіп, біліп, өтінім беруге шешім қабылдадым. Содан жан-жақты зерттеп, бастайтұғын кәсібім жөнінде де азды-көп ақпараттар алып, Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне кәсіп бастауға ниетті екенімді жеткіздім. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарына қажетті сұлулық салонын ашу ісін қолға алып, кәсібімді бастамақпын. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарына тиімді бағада қызмет көрсетемін. Осы бастамама қолдау білдірген жергілікті атқарушы билік органдарына, Қарасу ауылдық округінің әкіміне және Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарына алғысым шексіз, - деді ол.

Сұлулық салоны - қай ауылда болмасын қажет кәсіптің бірі. Мемлекеттік грантты мақсатты пайдалана білу осындай болса керек. Арайлымның бастамасы мен табандылығы көпке үлгі болса дейміз.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале