2.02.2022, 16:20
Оқылды: 56

БҚО-да 10 млн теңгенің мүлкін жымқырған қарағандылық тұрғындар ұсталды

Батыс Қазақстан облысында 10 млн-нан астам теңгенің мүлкін жымқырған қарағандылық тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220202145311284e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, күдіктілер 29 қаңтар күні сағат 04.00-де қолға түсті.

Орал-Атырау жолы бойында Ақжайық ауданы Чапаев ауылы тұсында жалған мемлекеттік нөмір таққан, Қарағанды облысының 1982 және 1985 жылғы тұрғындары отырған «Фольксваген Пассат» автокөлігі тоқтатылды. Автокөлік салонын қараған кезде «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» ЖШС Казталов аудандық электр торабынан ұрланған мүлік табылды.

Мұның алдында, 25 қаңтар күні белгісіз біреулер аталмыш мекеменің аумағына заңсыз кіріп, трансформатордан қосалқы бөлшектер ұрлап кеткен болатын. Келтірілген залал көлемі – 1 млн 879 мың теңге.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында күдіктілердің Жәнібек және Жаңақала аудандарында осындай үш қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды.

Қазіргі кезде күдіктілердің бірі Казталов ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшердегі ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Барлық ұрлық бойынша келтірілген залал көлемі – 10 млн 829 мың теңге.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале