Еуропаның көптеген елдері санитарлық шектеулерді жеңілдетіп немесе тіпті мүлдем алып тастап жатыр. Өте жұқпалы, бірақ халықтың басым бөлігіне қауіпті емес «Омикрон» штамының тез таралып жатқанына қарамастан бірқатар елдердің мұндай қадамға баруы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын алаңдатып отыр. Олардың пайымынша, вирус тағы мутацияға ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
«Біз барлық мемлекетті қолда бар құралдарды пайдалана отырып, өз тұрғындарын қорғауға шақырамыз. Бұл – тек вакцина емес. Жеңіс туралы жар салу әлі кез келген мемлекетке ерте. Бұл вирус қауіпті, ол біздің көз алдымызда дамып жатыр», - деді ДДҰ бас хатшысы Тедрос Аданом Гебрейесус.
Дания ақпан айынан бастап барлық шектеуді алып тастап жатқан Еуропалық одақтағы алғашқы мемлекеттердің бірі. Норвегияда осы жолмен жүруде, онда қашықтан жұмыс істеуді және адам көп жиналатын орындарда шектеулерді алып тастап жатыр. Франция да матчтарға, концерттерге лимитті алып тастауда. Мұндай жеңілдетулер тек вакцина алған азаматтарға қатысты.