3.02.2022, 11:40
Оқылды: 39

Өзбекстанда елге келетіндер үшін бірқатар карантиндік шектеулер алынды

Өзбекстанда коронавируспен күрес жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен Еуропа мен Оңтүстік Африканың бірқатар елдерінен келетін адамдарға кейбір карантиндік шектеулер алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

3

Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елге 11 ел: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Германия, Дания, Израиль, Италия, Нидерланды, Чехия және Мысырдан келетін рейстердің жолаушылары үшін үй жағдайында немесе қонақүйде 10 күндік міндетті карантин алынды.

Сонымен қатар, келесі елдерге халықаралық транзит пен тікелей рейстерге тыйым салынды: Оңтүстік Африка, Ботсвана, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Лесото, Эсватини, Танзания және Гонконг.

Енді осы мемлекеттерге соңғы 14 күнде барған үшінші елдің азаматтарына Өзбекстанға ұшуға рұқсат етілді.

Елде барлық саяхатшыларға қаңтар айының басында енгізілген COVID-19 теріс ПТР сынамасын тапсыру талабы сақталады.

Еске салайық, Өзбекстанда ересек тұрғындардың 68 пайызы COVID-19 вирусына қарсы вакцинацияның толық курсын аяқтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале