4.02.2022, 17:30
Оқылды: 73

Шыңғырлау ауданында есептік кездесулер жалғасуда

Бүгін Шыңғырлау ауданында желілік кестеге сәйкес Ақтау, Ардақ және Ақбұлақ ауылдық округтерінде есептік кездесулер жалғасын тауып, оған аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысты. Аталған округ әкімдері өткен жылдың еншісінде қалған жұмыстар бойынша қорытынды жасап, алға қойған міндеттерімен бөлісті.

12

Ақтау ауылдық округінен басталған бүгінгі есептік кездесуде округ әкімі Мұрат Тасболатов 2021 жылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы  баяндап, өткен жылдың табысты аяқталғанын айтты. Сонымен қатар, мал басының өсімі, қысқы мал азығының жиналуы, ауылдық округ бюджетінің қоры, салық түсімі, т.б. көрсеткіштер слайд арқылы халық назарына ұсынылып отырды.

9

Жиын барысында аудан әкімі Әлия Биғазықызы жалпы аудан көлемінде атқарылған жылдық жұмыстар бойынша толық мағлұмат беріп, келер жылы  әр округте жоспарланған шараларды кеңінен баяндады.  Ауыл тұрғындары атынан сөз алған ауыл ақсақалы Кенжетай Ниязбаевтың көтерген ауылға ветериналиялық пункт салу және медициналық қызметкерлердің жетіспеу мәселесіне  аудан басшысы толыққанды жауап берді.

Дәл осындай есептік кездесу Ардақ ауылдық округінде де өтті. Жиынға келушілер алдымен мәдениет үйінің кіре берісінде дайындалған қолөнер көрмелерін тамашалап, шебер жандардың қолынан туындаған бұйымдарына тәнті болды. Есептік кездесу жиналысында округ әкімі Саида Бркенова өткен жылы атқарылған жұмыстарға, атап айтқанда ауылшаруашылық, кәсіпкерлік, денсаулық, білім, спорт секілді әр салаға кеңінен тоқталып өтті. Сонымен қатар өз сөзінде округ басшысы өткен жылы апатты жағдайдағы тозығы жеткен медициналық нысанның қолдануға жарамсыз болғандығын ескеріп «Ваисов» жеке шаруа қожалығының басшысы Мақсот Ваисов өз қаражаты есебінен 12 млн.теңге көлімінде демеушілік көрсетіп, жаңа медициналық пункт салып бергенін баса айтты.

11

Келесі есептік кездесуде Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі 2021 жылы атқарылған жұмыстар барысын кеңінен баяндады. Округ әкімі Светлана Бәйтенова жылдық қорытынды ақпаратпен қатар округ көлеміне инвесторларды тарту жұмыстарымен және жыл сайын саны артып отырған шаруа қожалық жұмыстарымен бөлісті. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда Ақбұлақ ауылдық округінде 8 шаруа қожалыққа және 1 ЖШС-ке артқан. Сонымен қатар округте ауылшаршуашылық саласына бет бұрушылар саны артып келе жатқанын тілге тиек етті.

Жиын барысында ауылдық округ тұрғындары ауыл маңындағы су мұнарасын жаңарту, мал қорымын реттеу, қыс мезгілінде көшедегі қарларды тазарту, т.б. мәселерді көтерді.

Өңір басшысы қос ауылда да жыл қорытындысы бойынша баяндама жасап, тұрғындардың көтерген мәселелерінің шешу жолын қарастырылатынын хабарлады.

Әр ауылдық округте өткен есептік жиыннан соң тұрғындар жеке мәселелерімен аудан әкімінің қабылдауылда болып, өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап ала алды.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале