Биыл «Рухани жаңғыру; болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаланың шыққанына бес жыл. Біраз игі істің жасалуына мұрындық болған бағдарламаны одан әрі іске асыру мақсатында Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі асық ату мен бесасықтан аудан чемпионатын ұйымдастырды.
Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, ел спортын одан әрі дамыту мақсатында ұйымдастырылған додаға 2006-2008 жылдары туған ұлдар мен қыздар қатысты.
Бәсекеде жасөспірімдер бақ сынап қана қоймай, сала мамандарына білмегендерін үйреніп, білгендерін пысықтай түсті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыстың жеткіншектер үшін берері мол екен. Аталмыш жарысқа қатысушылар өздерін шыңдалып қана қоймай, жаңа достар тауып, асық ату спортының басқа да қырларына қаныға түсті.
Рухани азық болар ұлттық ойын жарысының нәтижесінде, егіндібұлақтық оқушылар топ жарса, Чувашка мектебі екінші, Талгат Бегилдинов атындағы білім ордасы үшінші орынға жайғасты.
Сонымен қатар, жеңімпаздар ақпан айының ортасында өтетін облыс чемпионатында аудан намысын қорғамақ.
Назерке Сыйлыбай,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz