ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына функционалдық сараптама жүргізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, оның ішінде оның шағынжәне орта бизнес субъектілерін қолдау жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында функционалдық сараптама жүргізу ұсынылады», - деп атап өтті Әлихан Смайылов Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар ол кәсіпкерлікті және бәсекелестікті одан ары дамыту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдау әрі дамыту бойынша кешенді іс-шараларды жүзеге асыру көзделіп отырғандығын баса айтты.