Еш жеңіліп көрмеген қазақстандық жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (15-0) алғаш рет жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінің топ-15 қатарына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz cайтына сілтеме жасап.
«Иншалла, алда бұдан да жоғары болады», — деп жазды Шавкат Рахмонов рейтинг қатарына енгендігіне орай өзінің Instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Шавкат Рахмонов бірінші раундта гайандық Карлстон Харристі (17-5) нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) UFC Fight Night 200 турнирінің аясында өтті. Нәтижесінде Рахмонов «Кештің үздік қойылымы» үшін 50 мың доллар бонус алды. Бұл Рахмонов үшін UFC-дегі үшінші жеңіс. Алдыңғы екеуін де мерзімінен бұрын аяқтаған еді.