Бұған дейін айтып өткеніміздей, әлеуметтік-еңбек саласындағы 45 мемлекеттік қызметтің 93%-ы электронды түрде және 43%-ы проактивті түрде көрсетіледі.
Енді министрлік бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.
2025 жылға қарай әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 100%-ы электрондық форматқа, оның ішінде кемінде 60%-ы проактивті форматқа ауыстырылады. Яғни мемлекеттік қызметтер көрсету көлемін жылына 6 млн-ға дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, - деп толықтырды вице-министр Ербол Оспанов ОКҚ-да.
Яғни азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу үшін ХҚКО-ларға, әкімдіктерге, банктерге және басқа да инстанцияларға барудың қажеттілігі болмайды.
Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 45 түрін көрсетеді.
baq.kz