Жылдың ортасына дейін әр ел халқының 70%-ын вакциналау жоспары орындалса, COVID-19 пандемиясының «ауыр фазасы» осы жылы аяқталуы мүмкін. Бұл туралы жұма күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ДДСҰ-ның атқарушы кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews.
Алайда, оның сөзінше, «омикрон» – соңғы штамм, пандемия аяқталуға жақын деп шатаспау керек. Гебрейесус әлемде жаңа штамдардың пайда болуы үшін мінсіз жағдай жасалған деп санайды.
Еуропаның кейбір елдерінде қалпына келтіру процесі жүріп жатыр. Италияда көшеде міндетті түрде маска тағу талабы алынып тасталды. Бельгия ашық және жабық жерлерде 12 жасқа толмаған балалардан маска тағуды сұрамайды, сонымен қатар қашықтан жұмыс істеу талабын алды. Бұл шешімді жұма күні пандемиямен күрес жөніндегі комитеттің отырысынан кейін Корольдік үкіметі қабылдады. Түнгі клубтар ашылып, бар және мейрамханалардағы шектеулер алынды.
Дереккөз: ҚазАқпарат