14.02.2022, 12:32
Оқылды: 37

Қазақстанда интернет алаяқтықпен күресетін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды

 Қазақстанда интернет алаяқтықпен күрес мақсатында арнайы жедел-тергеу топтары құрылды. Ішкі істер министрінің орынбасары БҰҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілімен кездесті. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211012150158011a3847952i

«Қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену - қылмыстардың ең көп тараған түрі. Аталған қылмыс түрімен күресу елімізде және бүкіл әлемде өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан халқына жолдауында алаяқтық қылмыстарға қарсы нақты шаралар қабылдау керек екенін атап өткен еді», - Рүстем Дүйсетаев министрлікте онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, алаяқтар адамдарды алдау үшін түрлі амалдарды қолданады, сол себептен аталған қылмыстың саны жылдан жылға көбейіп барады.

«Интернет алаяқтықпен күресу жолында министрлікте тиісті шаралар қабылданып жатыр. Өткен жылдан бастап кибершабуылға қарсы бағдарлама іске қосылды. Сол секілді өңірлерде жедел-тергеу арнайы топтар құрылды. Одан бөлек, әр тоқсан сайын жедел профилактикалық шарасы ұйымдастырылып тұрады», - дейді ол.

Бұған дейін ішкі істер министрлігінің өкілі интернет алаяқтардың тұрғындарды қалай алдайтыны туралы айтып берген еді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале