16.02.2022, 10:10
Оқылды: 53

Парасат патшалығы

 

WhatsApp Image 2022-02-15 at 22.11.18

Өлермендік белгісі – өндіріп жазу, шеберліктің белгісі – сендіріп жазу.

*  *  *

Қызметің өскенде құттықтау көбейеді, қызметтен түскенде қыт-қыттау көбейеді.

*  *  *

Қаламгердің үстелі – стилі: жинақы көрінсе, ойының да жинақы болғаны.

*  *  *

Әріптердің бәрі бас әріпке бағынады.

*  *  *

Қол беру кішіліктің үлгісі, жол беру кісіліктің үлгісі.

*  *  *

Алақаның ақшаға емес, батаға жайылсын.

*  *  *

Баланы шеше адастырмайды, көше адастырады.

*  *  *

Сараңдық сүйекке бітеді, мырзалық ниетке бітеді.

*  *  *

Құрғақ сөз бен қызыл сөз: бірі – тұман, бірі – күмән.

*  *  *

Сайраған жолға түспе, таңдаған жолға түс.

*  *  *

Жемқорлықтың жолы болмайды, торы болады.

*  *  *

Өрге шықсаң, өңірді көресің, елге шықсаң, өмірді көресің.

*  *  *

Озам деп асықпа, қалмайын деп асық.

Жемқорлықты жоямыз дейтіндер көп, қоямыз дейтіндер жоқ.

*  *  *

Үгітке сенбе, үмітке сен.

*  *  *

Қорғамаса ел азар,

Қолдамаса ер азар.

*  *  *

Қазақ мектебі көбеймей, қазақ тілінің көсегеі көгермейді.

*  *  *

Қара жұмыс шаршатпайды,

Шала жұмыс шаршатады.

*  *  *

Депутаттар заңға жауап бермейді, заңға дауыс береді.

*  *  *

Бір ой ұстатпайды,

Бір ой ұйықтатпайды.

Жақау Дәуренбеков,

жазушы-публицист, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале