17 ақпандағы мәлімет бойынша, 42 319 адам коронавирус инфекциясынан (–41 169+ және 1 150 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 36 635 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 299 адамның жағдайы ауыр,
• 126 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 97 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.