Бүгін Бөкей ордасы ауданының орталығында жаңадан салынған 52 үй пайдалануға берілді. Салтанатты шарада аудан әкімі Нұрлыбек Даумов су жаңа пәтерге ие болған ауылдастарға кілт табыстап, шаңырақтарына шаттық, бастарына амандық тіледі.
Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, ауданның қоғамдық кеңес төрағасы Тілеген Арыстанбеков те ауылдастарымыздың қуанышы ортақтасып, игі тілектерін білдірді.
Қоныс тойының құрметіне әжелер шашу шашып, әсем ән де әуеледі.
Үйлі болғандар атынан ауған соғысының ардагері Мүслимеден Таубаев жергілікті билікке алғысын білдіріп, жақсылық жалғасты болсын деген тілегін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған бұл үй әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ұсынылды. Үй құрылысына жауапты мердігер - "Қалдығайты" ЖШС.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz