18.02.2022, 16:30
Оқылды: 65

48 отбасы үйлі болды 

Бүгін Бөкей ордасы ауданының орталығында жаңадан салынған 52 үй пайдалануға берілді. Салтанатты шарада аудан әкімі Нұрлыбек Даумов су жаңа пәтерге ие болған ауылдастарға кілт табыстап, шаңырақтарына шаттық, бастарына амандық тіледі.

20220218051126_IMG_8423

Аудандық мәслихат хатшысы Лариса Қайырғалиева, ауданның қоғамдық кеңес төрағасы Тілеген Арыстанбеков те ауылдастарымыздың қуанышы ортақтасып, игі тілектерін білдірді.

20220218052851_IMG_8565

Қоныс тойының құрметіне әжелер шашу шашып, әсем ән де әуеледі.

20220218052948_IMG_8572

Үйлі болғандар атынан ауған соғысының ардагері Мүслимеден Таубаев жергілікті билікке алғысын білдіріп, жақсылық жалғасты болсын деген тілегін айтты.

20220218060604_IMG_8624

Естеріңізге сала кетсек, "Нұрлы жер" бағдарламасымен салынған бұл үй әлеуметтік осал топтағы азаматтарға ұсынылды.  Үй құрылысына жауапты мердігер - "Қалдығайты" ЖШС.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале