18.02.2022, 22:17
Оқылды: 34

Ақжайықтан жеткен ақжолтай хабар

Таяуда  облыстық «Жайығым  - алтын бесігім» атты мәдениет қызметкерлері арасындағы қысқы туриада жарысы Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы «Бәйге төбе» алаңында Ақжайық ауданы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

7C17948F-0D6A-446B-9A4D-8F05EC0355DE

      Жарыс командалық бағытта ұйымдастырылып, команда құрамы 10 адамнан тұрды. Қысқы ойындарда командалар допты хоккей, садақ ату, қардан мүсін жасау, уақытқа қардан су қайнату, атты мәнерлеп жегу және мәнерлеп туару, шаңғымен биатлон, эстафета түрлерінен бір мезетте бақ сынасты.

      Туриада ойындарына Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы, аудандық туризм орталығы және «Жігер» спорт клубы басшылық етіп, жарысқа төрешілер қазылық жасап, әділ бағаларының нәтижесінде Сырым аудандық демалыс орталығының мәдениет қызметкерлері қатысып, қардан мүсін жасаудан Арнұр Кажимов, атты мәнерлеп жегу және мәнерлеп туару турынан Сәлімжан Әубәкіров І орындарды еншілесе, командалық допты хоккей мен биатлон бойынша жүлделі ІІІ  орындарды қанжығалады. Барлық ойындардың сараптамасының нәтижесінде Сырым ауданының мәдениет қызметкерлері команда бойынша жоғары жүлде І орын иегерлері атанып, 200 000 теңге ақшалай сыйлық және ауыспалы кубокпен марапатталды.

FD27CE81-015E-46D5-BB37-8482F68EDB7C

Аталмыш сала қызметкерлері тек жүлдемен ғана оралмай, тағы бір ерлік жасады.
Қасиетті жұма күні ақжайықтық аз қамтылған отбасыға 20 000 теңге ақшалай сыйлықтарын табыстады.

Гүлсара Зинуллина,
Сырым аудандық демалыс орталығының мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру бөлімінің ұйымдастырушы маманы

                                                                        

        

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале