21.02.2022, 20:12
Оқылды: 280

«Өшпес мұра өнегесі»

Осындай атаумен М.Есламғалиев атындағы Сырым аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен дарынды жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жерлесіміз Мұқадес Есламғалиұлына арналған әдеби кеш өтті.

FB_IMG_1645449043457

FB_IMG_1645449052322

  Әдеби кешке арнайы шақырылған қаламгердің қарындасы Дидар Есламғалиева ағасы жайлы жақсы естеліктерімен бөлісті.
Одан бөлек, аудандық кітапхана директоры Айнұр Уәлиахметова, кітапхананың тұрақты оқырманы Ахмет Батыршин қатысты.
Шарада қаламгер шығармашылығына арналған «Өтелген парыз» бейнефильмі көрсетіліп, жас оқырмандар жазушы шығармаларын талдап, баяндап берді.

FB_IMG_1645449054388
Қонақтар мен оқырмандарға «Кемел ойлы, көркем сөзді жазушы» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, алдағы уақытта өтетін «Ұмытылмас, өшпес бейне» атты облыстық шығарма байқауының ережесі таныстырылды.

FB_IMG_1645449056746

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале