Владимир Путин Ресей Қарулы Күштеріне ДХР мен ЛХР-да бейбітшілікті қамтамасыз етуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Тиісті қаулылар құқықтық ақпарат порталында жарияланған.
"Луганск халық республикасы басшысының Үндеуіне байланысты Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі осы жарлықтың 3 - тармағында аталған Келісім жасалғанға дейін Ресейдің Қарулы Күштерінің Луганск халық республикасының аумағында бейбітшілікті сақтау функциясын жүзеге асыруын қамтамасыз етсін", - делінген жарлықтың 4-тармағында. ДХР жарлығында да осындай тармақ бар.