24.02.2022, 9:00
Оқылды: 25

Тасқынға тосқын қажет

Жуырда облыс әкімі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жоспарын бекіткен болатын. Соған сәйкес БҚО ТЖД іс-қимыл әрекеттерін үйлестіруде.

кар шыгару (2)

Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қарасты басқарма бастығы, азаматтық қорғау майоры Нұралы Мүсиев елді мекендерде қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтады. Шығарылған қардың көлемі 640 мың текше метрді құрайды.  Бұл жұмыс жалғасын табуда.

– 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы «Жол картасы» ауқымында үш іс-шара мерзімінен бұрын аяқталса, республикалық бюджет есебінен екі іс-шара бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл 1 млрд 153 млн теңге бөлінді, – дейді Нұралы Қажымұқанұлы.

Оның айтуынша, инженерлік жұмыстар шеңберінде 27 іс-шара орындалған. Инженерлік қорғау іс-шараларын жүргізу үшін мемлекеттік материалдық резервтен броннан шығарылған шынжыр табанды бульдозер және экскаватор қолданылған. Жалпы, бағдарламалық құжаттарға сәйкес 31 іс-шара орындалып, онда 24 елді мекенде жалпы ұзындығы 16,170 шақырым қорғаныс бөгеттерін орнату, нығайту бойынша жұмыстар атқарылған. Мысалы, төрт елді мекендегі 17 көшеде жалпы ұзындығы 8,725 шақырым су бұру арналары орнатылған. Бір елді мекенде ұзындығы – 17  метр, диаметрі 320 мм су өткізу құбыры орнатылып, жолдардың екі  учаскесінде су өткізу қабілетін арттыру және жол төсемі нығайтылған.

кар шыгару (1)

– Облыс аумағында 74 гидротехникалық құрылыс орналасқан. 16 гидротехникалық
құрылыс жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарын талап етеді. Облыс бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарына резервте 1,9 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда жанар-жағармай материалдарының (249 тонна), қаптардың (101 мың дана) және инертті материалдардың (26 мың тонна) қоры дайындалды. Жарушылар бригадаларын (7,7 млн теңге), аэровизуалды зерттеулер үшін тікұшақты (31,5 млн теңге), ғарыштық мониторингті жүзеге асыру (6,5 млн теңге) және қаптар сатып алу (1, 1 млн теңге) бойынша шарт жасауға қаражат көзделді, – деді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы.

Қазір тасқын сулардың өтуі бойынша Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен болжамдық және жедел ақпаратпен аламасу тұрақты жүргізілуде. Сондай-ақ облыс әкімінің ұйымдастырушылық нұсқауларына және оқу-жаттығуларды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Көктем - 2022» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығуларын өткізуге дайындық  жұмыстары қолға алынған.

Нұрым Нұрманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале