Украина бейбітшілік жолына оралуды ұсынады. Бұл туралы Владимир Зеленский Telegram арнасында жариялаған видеоүндеуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Украина президенті ұлтқа үндеуінде "Украина соғыс жолын таңдаған жоқ, бірақ Украина бейбітшілік жолына оралуды ұсынады", - деді.
"Біз тек зымырандар мен авиацияның жарылыстарын естіп жатқан жоқпыз. Бұл Ресейді өркениетті әлемнен алыстататын жаңа темір перденің дыбысы. Біздің міндетіміз - бұл перде біздің аумағымыздан өтпеуі", - деді Зеленский.
Бұған дейін Ресей Украинаға толыққанды шабуылды бастағаны хабрланған болатын. Жергілікті тұрғындар да Ресей мен Украина шекарасындағы бірқатар қалада жарылыс болғанын айтты.