Премьер-министр Смайыловтың мәлімдеуінше, ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикасы өткен жылы айтарлықтай белсенді түрде қалпына келген.
Сонымен қатар Әлихан Смайылов мемлекеттер экономикасының пандемияға дейінгі деңгейге жеткенін айтты.
Былтырғы қорытынды бойынша Одақтың ЖІӨ өсімі 4,5%-ды құрады. Сонымен бірге, сарапшылар 2022 жылы жаһандық экономикалық өсудің баяулауын болжап отыр. Осы жылы Одақтың ЖІӨ өсімі 3,1% болады деп күтілуде. Биылғы жылды қиын жағдайда бастап отырмыз. Геосаяси шиеленіс пен жоғары инфляция біздің елдеріміз үшін басты сын-қатер болып қалуда, -деді Әлихан Смайылов.
baq.kz