25.02.2022, 14:40
Оқылды: 40

Бәсекелестікті қорғау агенттігі өткен жылы дизель отынын арзандату туралы 19 хабарлама шығарған

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин дизель отыны бағасының қалай өзгергенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211123115244475e

«Нарықтың құбылмалылығы кезеңінде біздің агенттік дизель отыны нарығында 2021 жылғы мамырдан маусымға дейін бағаларды төмендету туралы 19 хабарлама шығарды. Нарықтың барлық ірі қатысушылары (Газпромнефть-Қазақстан, Petro retail, Sinooil және Гелиос) бұл нұсқаулықты орындады. Ел бойынша бағалар орта есеппен 2%-ға төмендеді. 2021 жылғы наурыз бен сәуір аралығында Аи-92 бензинін өткізу нарығында бағалардың алыпсатарлық өсу әрекеттері байқалды. 14 хабарлама шығарылған соң бағалар орташа есеппен 3%-ға төмендеді», - деді С. Жұманғарин Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі алқасының отырысында.

Оның айтуынша, 2021 жылы дизель отынының тапшылығына ықпал ететін мән-жайларды анықтау кезінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылық белгілері анықталған.

«Осыған байланысты нарықтың 12 субъектісіне тергеп-тексеру тағайындалды. Сондай-ақ, нарық субъектілерінің іс-әрекеттеріндегі бұзушылық белгілері туралы 9 хабарлама шығарылды. Хабарламалар орындалды және шектеу тоқтатылды», - деді С. Жұманғарин.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале