Шыңғырлау ауданы әкімінің кубогіне арналған ерлер арасында баскетболдан чемпионат ұйымдастырылды.
Салтанатты шараны аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова құттықтау сөзбен ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. 9 команда қатысқан сайыс өте қызықты да тартысты өтті. Әр ауылдық округтерден және мекеме атынан шыққан командалар жинаған ұпайларына қарай жеңіс сатысынан көрінді.
Нәтижесінде жүлделі І орынды Ақшат а/о командасы, ІІ орын БЖСМ мекемесі иеленсе, ІІІ орын Ақбұлақ ауылдық округінің командасына бұйырды. Жақсы ойын көрсеткен ойыншылар да түрлі номинациямен марапатталды, атап айтқанда, "Үздік шабуылшы" аталымын Құрманғали Сержан, "Үздік ойыншы"- Капурин Серик, "Үздік қорғаушы"- Абдулов Айбек, "Үздік ардагер"- спортшы Сейілханов Әділхан, "Үздік қорғаушы" номинациясын Искалиев Диас иеленді.
Салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық шараларға белсене қатысайық.
Бақыт Баймағамбетова,
Шыңғырлау ауданы,
zhaikpress.kz