Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель ЕО СІМ басшылары Украина әскеріне көмек жіберуге келіскенін мәлімдеді. ЕО СІМ басшылары 450 миллион еуроның (шамамен 502 миллион доллар) қару-жарағын қаржыландыруға келіскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Боррельдің айтуынша, ЕО қорғаныс министрлері кездесіп, Украина әскеріне қаруды қалай жеткізу керек деген мәселені талқылайды. Украина үшін қару жинайтын хаб - Польша.
"450 миллион еуроның қауіпті қаруын, 50 миллион еуроның өлімге әкеп соқпайтын қаруын жеткізу мүмкіндігін қарастырамыз. Мұны бірінші рет жасап отырмыз", - деді Боррель.
Шешім алдағы уақытта ресми түрде рәсімделіп, жарияланатыны белгілі болды.