1.03.2022, 10:20
Оқылды: 57

Еңбектері ұшан-теңіз

Жұмыстың оңайы жоқ. Адал еңбек, маңдай тер кез келген адамды игілікке жеткізері сөзсіз. Өз ісіңе жауапкершілікпен қараған жандарды әркез үлгі тұтып жүретін әдетім бар. Мәселен, өзім қызмет ететін Теректі ауданы Подстепный ауылындағы №1 ЖББОМ-нің кіші қызметкерлерінің еңбектері ұшан-теңіз. Білім ордасының ішкі тазалығы мен гигеналық талаптарын қатаң сақтауда білек сыбана жүріп, тиянақты атқаруда.

IMG-20220225-WA0044

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал өзгермелі кезде мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің вирустан сақтануы турасында аянып қалмады. Мінекей, осы кіші қызметкерлердің жарасымды бірлігі мен ұжымдық ұйымшылдығының  арқасында мектеп іші таза, жылы, жап-жарық. Бұл – білім ордасындағы завхоз Нұржамал Бижанова бастаған 20 кіші қызметкердің көпке үлгі ісі жатыр деген сөз. Сондай-ақ, қос вахтер Сайра Жұмағазиева мен Бақыт Қожахметовалардың да орасан зор еңбегі бар. Осындай асыл жандарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіремін.

Нұргүл Асқарова, 

Теректі ауданы

мұғалім 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале