Сондай-ақ Тоқаев бүгін партияның бағыт-бағдары айқындалғанына тоқталды.
Енді білек-сыбана жұмыс істеуіміз керек. Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр. Партия атына заты сай болуы тиіс. Ел бірлігін арттырып, жаңа Қазақстанды құру бәрімізге ортақ міндет. Осы міндетті абыроймен атқарсақ, болашағымыз да баянды болмақ. Партияның әрбір мүшесі бұл жауапкершілікті терең сезініп, аянбай еңбек етеді деп сенемін. Берекесі басы бірлік екенін әрдайым есте сақтайық. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш
baq.kz